Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенті М.Әбубәкір «Жылдың студенттік көшбасшысы» аталымы бойынша ШҚО әкімінің сыйлығына ие болды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, 4 курс студенті Марлен Әбубәкір ШҚО әкімінің «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығының «Жылдың студенттік көшбасшысы» номинациясын жеңіп алды.

Жылдың студенттік көшбасшылары ретінде екі студент Әбубәкір Марлен мен Егор Цыгановский танылды. 

Марлен – "Серпін – 2050" мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 4 курс студенті, университеттің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, облыстық, республикалық конференциялардың, дөңгелек үстелдердің, семинарлардың, форумдардың, оның ішінде - "Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифтісі" Қазақстан – Ресей жастар ынтымақтастығы форумының, "Jastar Otanga" жазғы мектебінің белсенді қатысушысы.

Егор – Алтай жоғары колледжінің 3 курс студенті, ол ЮНИСЕФ Қазақстан мен ұлттық еріктілер желісінің "Be kind" бағдарламасын жүзеге асырады, еріктілер қозғалысының белсенді қатысушысы болып табылады.

"Жас кәсіпқой" номинациясында екі жеңімпаз анықталды, екеуі де дәрігер: Үржар аудандық орталық ауруханасының терапевті Шұғыла Алтынбекова және жедел медициналық жәрдем ауруханасының (Семей қ.) травматолог-ортопеді Дамир Сыдықов.

"Жылдың жас журналисті" номинациясында "Altai" телеарнасының редактор-жүргізушісі Қуаныш Амантайұлы жеңімпаз атанды, Ол "Ашық әңгіме", "Адалдық алаңы" бағдарламаларының және "Ауылдың бір күні", "Ардагер" телебағдарламаларының авторы болып табылады.

"Жылдың жас көшбасшысы" номинациясында "Кездесу орталықтарының желісі" жобасының үйлестірушісі, Семей қаласы Достық үйінің "Возрождение" неміс қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мария Горбачева жеңіске жетті.

"Жас отбасы" номинациясы бойынша Бородулиха ауданынан Лагус отбасы жеңімпаз атанды.

Жыл қорытындысы бойынша "Жылдың жастар акциясы" Бесқарағай аудандық "Мейірімді жүрек" еріктілер тобы ұйымдастырған "Жан жылуы" акциясы болып танылды.

Жылдың үздік жастар ұйымы болып Өскемен қаласының "Еріктілер лигасы" танылды.

25 желтоқсан күні облыс әкімінің «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ирина Федоровна Смит табыс етті. Құттықтаймыз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo