Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенті психология бойынша XXVI халықаралық симпозиумда 2 диплом алды

«Дефектология» мамандығының 2 курс студенті Рашиля Рашитова «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері және акме» XXVI халықаралық симпозиумының 5-ші қазақстандық секциясына қатысты.

Секцияны Ресей білім академиясының Психологиялық институты және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды.

Студент "Зияткер" ҒБО маманы, Психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Е.И. Барабанованың жетекшілігімен "Қарым-қатынас – өмірдің басты мәні ретінде" тақырыбында зерттеу және баяндама дайындады.

Баяндаманы қорғау ZOOM платформасында өтті. Симпозиумға барлығы 60 адам қатысты.

Жеке қорғаудан кейін қатысушылар командалық екінші кезеңге өтті.

Симпозиум қорытындысы бойынша топтық сынақта 1 дәрежелі "Үздік сұрақ үшін" дипломы студент Рашила Рашитоваға және жеке сынақта 3 дәрежелі "Үздік жауап үшін" дипломы Р. Рашитоваға және ғылыми жетекші Е.И. Барабановаға берілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo