Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенті республикалық байқаудың «SANALY URPAQ» аталымында 1 орын алды

23 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін» VIII республикалық патриоттық форумының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы) қорытындысы шығарылды.

Алты номинация бойынша конкурс жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімі өтті.

«SANALY URPAQ» номинациясында 1 орынды «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Дидар Жарқын иеленді. Ол «ADALDYK KITAPSHASY» мобильді қосымшасы» жобасын таныстырды. Дидар Жарқын қазылар алқасының шешімі бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тегін жылдық оқу грантының иегері атанды.

Айта кетейік, Дидар Жарқын жобасы байқаудың финалында ұсынылған «SANALY URPAQ» номинациясындағы 36 жұмыстың ішінен үздік деп танылды.

Дидар Жарқын мен оның жетекшілері – С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары Г. Байыркенова мен С. Адиканованы құттықтаймыз.

«SANALY  URPAQ» студенттік клубы

Қазақ
× You found a Typo