Жастар арасында волонтерлік берндін танымал ету жөніндегі «Ашық жүрек» жобасы аясында волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған республикалық шағын гранттар байқауында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті грант ұтып алды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында өткізілген шағын гранттар конкурсында ШҚУ студенті Сағадат Мұса 300 мың теңге көлемінде грант ұтып алды.
«BIRGEMIZ: Bilim» бағыты бойынша мүмкіндігі шектеулі жастарға мүмкіндігі шектеусіз білім беру мақсатында бір ай көлемінде ағылшын тілінен курс өткізілуде.
Кез келген адам өз-өзін дамытып, білімін шыңдауға міндетті. ШҚУ студентінің негізгі мақсаты да – осы. Өзі сияқты өзгенің де шектеусіз білім алғанын қалайды.
Жастар ісі жөніндегі комитет