Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік университетімен бірлескен сабақ өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті Н.И. Бенештің бастамасымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерінің А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік университеті Балалық шақ институтының (Санкт-Петербор қаласы) доценті, педагогика ғылымдарының кандидатымен онлайн-кездесуі өтті.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ түлектері 20 ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебінің орыс тілі бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың авторы, профессор Тамара Григорьевна Рамзаевамен, кіші мектеп оқушыларының үйлесімді жазбаша тілін дамытудағы жүйелі тәсілдің авторы, ғалым Галина Сергеевна Щеголевамен танысуға мүмкіндік алды.

Кездесу аясында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің студенттері Санкт-Петербор студенттеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың 1 желтоқсанда аталып өтілетін мерекесі туралы айтып берді, Г.С. Щеголеваның сабағына қатысып, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік университеті бастауыш сыныптар факультетінің 3 курс студенттерімен танысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo