Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері дефектология бойынша ХІІ республикалық студенттік олимпиадада 1-ші және 2-ші орындар алды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІ республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің педагогика факультеті базасында өткізілді.

Олимпиадаға республиканың жоғары оқу орындарынан 11 команда, 33 студент қатысты.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ атынан екі команда қатысты. «Жалын тобы» командасы – 3 курс студенттері Әйгерім Шабданова, Әйгерім Райысова, Назерке Аяғанова. Команда жетекшісі – Психология және түзету педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы А.М. Қамзина. «Дефектологтар одағы» командасына 3 курс студенттері Мария Громова, Виктория Полякова, Яна Евдокимова енді. Команда жетекшісі – Психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Светлана Стельмах.

Қатысушылар өз білімдерін екі кезеңде тексерді – «Арнайы білім беру саласында инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбы бойынша ғылыми жобаны қорғау және арнайы пәндер бойынша тестілеу. Біздің ЖОО студенттері тамаша нәтижелер көрсетті – ғылыми жоба үшін 1-ші орын және тестілеу бойынша 2-ші орын.

Олимпиада үздік ұйымдастырылды. Бұл іс-шара студенттердің арнайы білім беру саласындағы зерттеу қызметін қалыптастыруға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру ортасын құруға серпін береді деп үміттенеміз.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo