Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері Дін істері басқармасының маманымен онлайн кездесті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері Zoom платформасы арқылы Дін істері басқармасының маманымен кездесті.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері мен принциптерін түсіндіру, халық арасында радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Мәнсия Амринова жүргізді.

Онлайн кездесу барысында студенттерге  Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі, алдын алу жолдары, салдарлары, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігіне қарсы іс-қимылдар, ғаламтор кеңістігінде радикалдық идеологияның таралуының алдын алу жолдары, құқықтық салдарлар жөнінде ақпарат берілді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo