Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері «Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» халықаралық форумына қатысты

«Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» тақырыбында I халықаралық ғылыми-экологиялық форум өтті.

Форумның ұйымдастырушылары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Экология мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы.

Форумның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі проблемаларды талқылау және шешу жолдарын іздеу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу.

ШҚУ Экология және география кафедрасының 3 курс студенттері форумға қатысып, қоршаған ортаның қазіргі таңдағы өзекті мәселелері туралы ақпарат алды. 

Форум барысында қоршаған ортаны тұрақты басқару және қоршаған ортаны қорғауды реттеу, Қазақстанның экологиялық мәселелері, су ресурстарының экологиялық мониторингі, биоалуантүрлілікті сақтау, Өскемен қаласының атмосфералық ауасының 2009-2019 жылдар аралығындағы ластануы мәселелері талқыланды.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo