Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері мен магистранттары Новосібір университеті профессорының дәрістерін тыңдайды

17 қарашадан бастап «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысып, филология ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің (РФ) профессоры Т.И. Стексованың «Синтаксистің коммуникативтік және семантикалық аспектілері» бойынша дәрістерін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

ШҚУ атынан қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. С.Т. Қасенов құттықтау сөз сөйледі.

Екі апта бойы студенттер белгілі ресейлік ғалым, ф.ғ.д. Т.И.Стексованың жетекшілігімен лингвистикалық ғылымды үйренеді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы Новосібір мемлекеттік университетімен бірнеше жыл бойы ынтымақтастық жасап келеді.

Т.И. Стексова докторанттардың ғылыми жұмысының бірлескен жетекшісі болып табылады, магистранттармен жеке консультациялар өткізеді.

2020-2021 оқу жылында ШҚУ докторанттары Т.И. Стексованың жетекшілігімен Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінде тағылымдамадан өтеді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo