С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, «Шабыт» театрының мүшелері «Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп...» атты облыстық Хамит Балшабеков оқуларында жүлделі орын алды.
Байқаудың «Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша I орынды Таңат Қасым, III орынды Ақерке Дарханқызы иеленді.
Байқауға 16-30 жас аралығындағы облысымыздың өнерлі жастары қатысты.
Хамит Балшабеков «Жылқышы әні», «Өмір мен саған ғашықпын», «Қантамыр», «Балтамыр», «Шұғыла көңіл» жыр жинақтарымен жұртқа таныс.
Таңат пен Ақеркені жеңістерімен құттықтаймыз!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі