Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері Панкратьев бағының базасында іс-тәжірибеден өтуде

«Биология» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған оқу (далалық) іс-тәжірибесі базаларының бірі – Г.Вистениус – П. Панкратьев атындағы оқу-далалық іс-тәжірибе орталығы. Биыл Г. Вистениус-Д. Панкратьев атындағы оқу-далалық іс-тәжірибе орталығына, атақты Панкратьев бағына - 35 жыл. 

Облысымыздың тарихи әрі маңызды орындарының бірі – Панкратьев бағы. Ол ұрпақтар игілігі үшін атқарылған ерен еңбектің жарқын үлгісі болып табылады.

Оның негізін Г. Вистениус және Д. Панкратьев қалады. ХХІ ғасырда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті XIX-XX ғасырларда өскелең ұрпақ үшін игілікті іс жасаған осы екі керемет тұлғаның еңбегін оқыту және тәрбиелеу мақсатында пайдалануда.

1985 жылы Панкратьев бағы Өскемен педагогикалық институтына (С. Аманжолов ат. ШҚМУ) берілді. Содан бері бұл бақта университет білім алушыларының оқу-далалық тәжірибелері өтуде. 2006 жылы өзінің 100 жылдығына орай Панкратьев бағы «Г. Вистениус – Д. Панкратьев атындағы оқу-далалық іс-тәжірибе орталығы» болып өзгертілді.

Г. Вистениус – Д. Панкратьев атындағы оқу-далалық іс-тәжірибе орталығында білім алушылар мен оқытушыларға арналған үйлер, ортақ асхана, монша бар.  

Оқу-далалық практикалары білім алушылардың көктемгі сессиясы аяқталғаннан кейін өткізіледі. Іс-тәжірибе барысында студенттер Г. Вистениус – Д. Панкратьев атындағы оқу-далалық іс-тәжірибе орталығы аумағының жануарлар әлемімен, өсімдіктерімен танысады, табиғатта жануарларды бақылау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар мұндағы бұталы өсімдіктер, емен және қайың тоғайы, қара тайга, басқа да қалыптасқан өсімдік топтарының үлескелерінде зерттеу жүргізіп, тәжірибелер қойып, іс-тәжірибе бағдарламасы бойынша қарастырылған тапсырмаларын орындайды.

Іс-тәжірибе барысында аталмыш білім беру бағдарламаларының білім алушылары іс-тәжірибе жетекшілерінің басшылығымен зерттеу жұмыстарынан басқа орталықтың «Ауыл шаруашылығы» бөлімінде аумақты санитарлық тазалау, көшеттер мен көкөніс дақылдарын егу және суару жұмыстарын жүргізеді.

Оқу-далалық іс-тәжірибесін аяқтағаннан кейін білім алушылардың «Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы», «Құрылымдық ботаника», «Өсімдіктер систематикасы», «Омыртқасыздар зоологиясы», «Омыртқалылар зоологиясы» және т.б. пәндер бойынша теориялық білімдері мен зертханалық сабақтар барысында алған  дағдылары бекітіледі.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo