Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері республикалық «Абай әлемі» онлайн фестивалінің дипломанттары атанды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері республикалық «Абай әлемі» онлайн фестивалінің дипломанттары атанды.

30 қазан мен 5 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде республикалық фестиваль ұйымдастырылды. Оқу орнымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Айым Бейсенқазықызы «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша дипломант атанды. Айым Абайдың 45 қара сөзін жатқа біледі. 

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенті Әйгерім Жұмағалиева «Жүректі қозғайтын – шабыттың оты» тақырыбымен Абайдың шығармаларын сурет арқылы көрсетіп, «Абай әлемі – сурет өнерінде» номинациясы бойынша дипломант атанды.

Құттықтаймыз!

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo