Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері республикалық онлайн телекөпірде жеңімпаз атанды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған «Әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау» республикалық онлайн телекөпіріне С.Аманжолов атындағы ШҚУ қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттері Бұлбұлхан Талап, Ұлпан Қанатова, Шағала Төлеубек қатысты. 

Болашақ педагог мамандардың кәсіби шеберлігін кешенді түрде дамытуға ықпал ету мақсатында өткен бұл семинарда болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ақпараттық-әдістемелік қоры толықтырылды, республикаға танымал ғалым-әдіскерлер, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері, «жаңа формация мұғалімі», «жыл ұстазы», «зерттеуші-педагог», «шебер-педагог» деңгейіндегі мектеп мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесі болашақ педагог мамандарға таратылды, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи педагогикалық әдістер мен технологияларды енгізу туралы консультативтік-әдістемелік көмек берілді.

Үшкүндік телекөпір барысында «Үздік эссе», «Үздік кері байланыс»,  «Үздік панорамалық бейнесабақ» байқаулары ұйымдастырылды.  Нәтижесінде 3 курс студенті Бұлбұлхан Талап «Үздік эссе» байқауында 1 орын иеленді.

Мамандық эдвайзері Қ.Барбосынова

Қазақ
× You found a Typo