Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері республикалық пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды

ШҚУ студенттері Алматы қаласындағы Сүлейман Демирель университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында өткен ХІІІ республикалық пәндік олимпиадада екінші орынға ие болды.

Жүлделі орынға С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 4 курс студенті Ұлжан Ержанова, 3 курс студенті Ажар Қожабаева, 2 курс студенті Айым Бейсенғазықызы ие болды.

Команда мүшелері «Жаңа формациядағы мұғалім» тақырыбында эссе жазып, «Z ұрпақты көркем шығарма оқуға дағдыландырудың тиімді тәсілдері» жобасын қорғап, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану салалары және оларды оқыту әдістемесі пәндерінің мазмұны қамтылған онлайн Examus платформасында тест тапсырмаларын орындады.  

Білім беру бағдарламасының менеджері Қарлығаш Барбосынованың жетекшілігімен мамандық студенттері бірнеше жыл қатарынан пәндік олимпиаданың жеңімпаздары атанып келеді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo