- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
16 наурызда Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері «Туберкулез: алдын алу, сақтау шаралары» тақырыбында Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы А. Нұркеновамен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты – туберкулез туралы дерек бере отырып студенттердің өз денсаулығына, қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру, туберкулездің пайда болуын, оның зардабын түсіндіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әлемде жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтіледі.
Бүгінгі таңда елімізде жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан тұлғаларды тəрбиелеу басты талап етіліп қойылған.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті