1-ші республикалық «SOLO» шығармашылық байқауында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Шабыт» студенттік театрының әртістері беделді Гран-приге және I, II жүлделі орындарға ие болды.
I республикалық көп жанрлы өнер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлдені «Шабыт» студенттік театрының мүшесі Ерсұлтан Ділдә иеленсе, осы театрдың мүшелері Мөлдір Қабылқанова, Ақерке Дарханқызы I дәрежелі дипломдармен, Күлиза Бидақын II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Осылайша алдыңғы қатарлы үш бірдей марапаттарды С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, «Шабыт» студенттік театрының мүшелері еншілеріне байлады.
Құттықтаймыз!
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі