Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері «Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы» ұйымдастырған екікүндік семинар-тренингге қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ұйымдастырған екікүндік «Болашаққа жол өзіңнен басталады» онлайн семинар-тренингіне қатысты.

Семинар-тренинг қазақ және орыс тілдерінде болып, оқу орнымыздан 25 студент қатысты.

Алғашқы күнгі тақырып «Тәуелсіздік дәуірі. Төртінші өнеркәсіптік революция» туралы, Екінші күннің тақырыбы «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол. Ұлы Даланың жеті қыры» жайында болды.

Дәрістер соңы тренингтерге жалғасты. Жаттығулар мен тапсырмалар орындалып, командамен жұмыс істеу, әлеуметтік жобалар жасау жайында айтылды.

Қатысушы студенттерге сертификаттар мен алғыс хаттар берілді. 

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік  мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo