Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттері журналист Азамат Қасыммен онлайн сұхбат жүргізді

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері «Altai» телеарнасы қазақ редакциясының шеф-редакторы, Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының лауреаты Азамат Қасыммен онлайн кездесу өткізді.

Азамат Қасым «Алматы ақшамы», «Дидар», «Алаш айнасы», «Дала мен қала», «Жас қазақ үні», «Заң» «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет ете жүірп жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, елдегі проблемаларды шешуге түрткі болған мақалаларының жазылу тарихымен таныстырды. «Ел – әңгімеші» атты кітабының мазмұны жайлы сөз етті.

Кездесу кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Айтмұхамбет Қасымовтың бастамасымен ұйымдастырылды. Сұхбат түріндегі кездесуде  студенттер сұрақтарына жауап алды. Шара соңында кездесуге қатысқан кафедра оқытушылары мен топ студенттері ризашылықтарын білдірді.  

Қымбат Мұхамәдиева, «Журналистика» мамандығының 1 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo