Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттеріне онлайн-сабақта Өскеменнің сәулет және туристік объектілері көрсетілді

Экономика және басқару кафедрасы «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері үшін кезекті сабақ онлайн режимінде «Dedeman Oskemen Tavros Hotel» тәжірибе базасында өткізілді.
Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы А.С. Асубаева «Туризм» ББ студенттеріне «Dedeman Oskemen Tavros» қонақ үйінде және Қ. Қайсенов атындағы саябақта онлайн-режимде «Экскурсоведение» пәні бойынша кезекті сабақ өткізді.
Сабақ аясында оқытушы сәулет-қала құрылысы сипатындағы экскурсиялық маршрутты қалыптастырудың өзекті мәселелерін қамтыды, қаланың негізгі сәулет нысандары нақты режимде көрсетілді.
Экономика және құқық факультеті «Dedeman Oskemen Tavros» отелінің басшылығына тығыз ынтымақтастығы және «Туризм» ББ студенттерінің білім беру дайындығына қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Баспасөз қызметі 
Қазақ
× You found a Typo