Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ студенттерінің жобалары республикалық студенттік жобалар байқауының финалына шықты

13 қарашада «SANALY URPAQ» студенттік клубының мүшелері Тұңғыш Президент күніне арналған VII республикалық патриоттық форумға қатысты.

«SANALY URPAQ» секциясында жастар арасында парасаттылықты дамыту бойынша студенттік жобалар байқауы өтті. Конкурсқа ұсынылған 146 жобаның 36-сы байқаудың финалына іріктелді. Финалистер арасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ «SANALY URPAQ» клубының мүшелері болды.

«Информатика» мамандығының 3 курс студенті Дидар Жарқын «ADALDYK KITAPSHASY» мобильді қосымшасы» жобасын таныстырды. Қосымшаның негізгі міндеті – «бір терезе» қағидаты бойынша пайдаланушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу пәнін оқу процесінде де, күнделікті өмірде де өзекті, анық және қолжетімді ақпарат беру.

«Құқықтану» мамандығының 1 курс магистранты Шынар Бауыржанова «Таза қол» жобасын және оның символы – «Таза қол» мүсіндік композициясын таныстырды. Шынар Бауыржанованың айтуынша, «Таза қол» орны толмас абырой, адалдық, ар-ождан мен ой-сананың тазалығын бейнелейді.

Бұл жобалар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да жүзеге асырылып жатыр және университет басшылығы мен студенттер тарапынан қолдау тапты.

Республикалық форум жұмысына жоба жетекшілері, университет оқытушылары Г. Байыркенова және С. Адиканова қатысты.

Жобалар конкурсының нәтижелері 2020 жылғы 24 қарашада қорытындыланады.

«SANALY URPAQ» студенттік клубы

Қазақ
× You found a Typo