Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, оқу орындарымен 2020 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру бойынша бірлескен қызметтің қорытындысы шығарылды.
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Е.Н. Жалмағамбет парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құндылықтарын ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлегенді, «SANALY URPAQ» клубының жетекшісі Г.Т. Байыркенованы, «Құқықтану» мамандығының 1 курс магистранты Ш. Бауыржанованы, «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті К. Жексембаеваны грамотамен марапаттады.
Сонымен қатар, «Парасатты қоғам» атты аймақтық әлеуметтік роликтер байқауының қорытындысы бойынша «SANALY URPAQ» студенттік клубы 1 орынға ие болып, мақтау қағазымен және квадрокоптермен марапатталды. «Парасатты қоғам» бейнеролигін түсіруді «Altai jastary» медиа орталығының бейнеоператоры А.Д. Базарқанов жүзеге асырды.
Баспасөз қызметі,
«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі