С.Аманжолов атындағы ШҚУ түлегі, магистрант Руслан Исраилов «Үздік жас маман – 2020» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Байқауды «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (Нұр-Сұлтан қ.) ұйымдастырды.
Жеңімпазға медаль мен диплом табыс етілді.
«BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы – бұл инновациялық әдістерді және мемлекеттің білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен оқытушыларының шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, педагогтардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасуға ықпал ету жөніндегі мамандандырылған орталық.
Естеріңізге сала кетейік, Руслан Исраилов өткен жылы «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» облыстық байқауында 1 орын алып, ШҚО-ның ең талантты педагогы болып танылған.
Баспасөз қызметі