Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ түлегі Риддер қаласының әкімі болып тағайындалды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша түлегі Дмитрий Анатольевич Горьковой Риддер қаласының әкімі болып тағайындалды.

– Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімі бойынша Риддер қаласының әкімі болып Дмитрий Анатольевич Горьковой тағайындалды, ол бұрын Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған. Жаңа басшыны қала активіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды, –деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Дмитрий Анатольевич Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы ШҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясы органдарында бастады, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Құттықтаймыз!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo