Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ түлегі Руслан Исраилов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» дауыс беруінің қатысушысы атанды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ бакалавриатының және магистратурасының түлегі Руслан Исраилов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағдарламасының онлайн дауыс беруінің қатысушысы атанды. Онлайн дауыс беру 31 наурызға дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Исраилов С. Аманжолов атындағы ШҚУ бакалавриаты мен магистратурасында оқуды аяқтағаннан кейін Өскемен қаласының М. Әуезов атындағы №17 орта мектебінде жұмыс істейді.

Бүгінде Руслан оқуын жалғастыруда, ол – Барнаул қаласындағы (РФ) Алтай мемлекеттік университетінің аспиранты.

Руслан Исраилов – "Жылдың үздік студенті-2016" атағының, "Жылдың үздік тәлімгері-2018" гран-приінің,  "XXI ғасыр мұғалімі-2021" республикалық олимпиадасында 1 орын үшін грамотасының, "Үздік жас маман-2020" республикалық конкурсында 1 дәрежелі диплом мен төсбелгінің, "Үздік жас ғалым-2021" республикалық конкурсында 1 дәрежелі диплом мен төсбелгінің, "Үздік жас мұғалім-2019" номинациясында жеңіске жеткені үшін грамотаның, "Жас педагог-2019" республикалық конкурсында 1 орын үшін грамотаның, 1 облыстық "Дарынды балаларға – дарынды мұғалім-2019" байқауының, "Үздік педагог-ұйымдастырушы-2020" байқауының гран-при жүлдегері.

Сондай-ақ, Р. Исраиловқа Білім және ғылым министрінің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі Р.П. Шердің Алғыс хаты табыс етілді, ол Өскемен қаласы әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Жас ғалым ЖАК-тың екі ғылыми мақаласын, белсенді дене шынықтыру және спортпен шұғылдану қажеттілігін қалыптастыру бойынша авторлық бағдарламасын жариялады, педагогика және психология саласында 20-дан астам ғылыми еңбегі бар. Оның ғылыми қызметінің нәтижелері бойынша ғылыми материалдар жинақтарында ғылыми мақалалар жарияланды. Ол қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады.

Біздің түлегіміздің дауысын қолдаймыз!

Қалай дауыс беруге болады?  Сілтемені басу керек және фотосуреттің астында "дауыс беру" батырмасы пайда болады, оны басыңыз, сізден пошта сұралады, электрондық поштаңызды енгізіңіз, сонда сізге SMS-код жіберіледі. Оны көшіріп, қайтадан дауыс беру сайтына теру керек, содан кейін дауыс ескеріледі!

Мына сілтеме бойынша дауыс беру керек:

https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2021/%D0%B8%D1%81%D1%80%D0%B0%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%B2-%D1%80%D1%83%D1%81.html

Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo