2020 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін 1766 адам аяқтады, оның ішінде 1550-і – бакалавриат және 216-сы – магистратура түлектері.
Бала күтімі бойынша демалыста жүрген, шетелге қызметке шақырылған және магистратурада оқуын жалғастырған түлектерді ескере отырып, ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу үлесі 98%-ды құрады, оның ішінде бакалавриат түлектерін жұмысқа орналастыру 98%-ды, магистратура түлектерін жұмысқа орналастыру 100%-ды құрап отыр.
Түлектерді жұмысқа орналастыру 2020-2021 оқу жылына арналған түлектерді еңбекпен қамту бойынша жоспарға сәйкес жүргізіледі, ол жоспар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ресми сайтында орналасқан.
Баспасөз қызметі