С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде онлайн-режимде академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Әлемде және елімізде наурыз айында карантин режимінің енгізілуіне байланысты ҚР БҒМ-нің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ онлайн-оқытуға көшуге байланысты нормативтік базаны жаңартуда, оның ішінде онлайн-режимде академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру бойынша құжаттар дайындалуда.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың онлайн-режимде жұмыс істеуге арналған академиялық ұтқырлықты іске асыру бойынша міндеттерінің ішінде – онлайн-режимде үздік әлемдік әріптес жоғары оқу орындарымен халықаралық алмасу процестерін дамыту; маркетингтік қызметті кеңейту арқылы университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде танылу дәрежесін арттыру.
Әріптес жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында факультеттерде қолданыстағы халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын айқындау және ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары қатарынан серіктестер іздеуді кеңейту жоспарланып отыр.
Баспасөз қызметі