Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ұжымы ғалым және қоғам қайраткері Қуат Рахимбердинді 50 жасқа толуымен құттықтады

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ішкі істер органдары қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, ШҚО мәслихатының депутаты Қуат Қажымұқанұлы Рахимбердинді 50 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

Қуат Қажымұқанұлы Рахимбердин – Шығыс Қазақстан университетінің "тарих", "құқықтану" мамандықтары бойынша түлегі.

ЖОО-да жұмыс істеген кезінде ол Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі, Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Бірнеше жыл бойы заң факультетін басқарды.

Қ.Қ. Рахимбердин – 70-тен астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы.

Еңбек жолында ол ҚР БҒМ мерейтойлық медальдарымен, төс белгілерімен марапатталған, ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының және мемлекеттік грантының екі мәрте иегері болған, Қазақстан заңгерлер одағы тарапынан "ҚР-ның 2016 жылғы үздік заңгері" деп танылған.

Қуат Қажымұқанұлы Рахимбердин – белсенді қоғам қайраткері, бірнеше рет қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланды, 2021 жылы VII шақырылған ШҚО мәслихатының депутаты болып сайланды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлеген салтанатты жағдайда ұжымның атынан құттықтау хатын және Абай атындағы медальды табыстап, мерейтой иесінің университеттің, заң ғылымы мен білім берудің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Облыстық мәслихаттың атынан мерейтой иесін аппарат басшысы Азамат Қайырлыұлы Шалабаев құттықтады.

Әріптестерінен Қуат Қажымұқанұлы Рахимбердин бұл күні көптеген құттықтаулар мен игі тілектер естіді. Ал профессор А. Нұрғожина мерейтой иесінің құрметіне ән шырқады. Мерейтой иесін құттықтаймыз!

Экономика және құқық факультеті,

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo