Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ұжымы профессор А. Жылқыбаеваны мерейтойымен құттықтады

С.Аманжолов атындағы ШҚУа еңбек ардагері, филология ғылымдарының докторы, ЖАК доценті, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры Амантай Шаймарданқызы Жылқыбаеваны 70 жасқа толуымен құттықтады.

Ректорат атынан еңбек ардагерін университет ректоры М.Ә. Төлеген құттықтап, мерейтой иесінің тәжірибесінің, кәсібилігі мен даналығының үйлесімін атап өтіп, Амантай Шаймарданқызы Жылқыбаеваға зор денсаулық, отбасына амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Университет ректоры А.Ш. Жылқыбаеваға Абай атындағы медальді табыс етті. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасындағы әріптестері де А.Ш. Жылқыбаеваны құттықтады.

Музыкалық құттықтаулар арасында әнші, АӘД және музыкалық білім кафедрасының профессоры А.М. Нұрғожина ән шырқады.

Амантай Шаймарданқызы өз кезегінде жылы лебіздері мен сыйлықтары үшін барлығына алғысын білдіріп, жиналғандарға университеттің «Берел» баспасынан жарық көрген өз кітаптарын сыйға тартты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo