Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ұжымы университет ректорын қалалық мәслихатқа сайлануымен және ЖОО-дағы қызметінің үш жылдығымен құттықтады

Ғылыми кеңес отырысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы университет ректоры М.Ә.Төлегенді «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаты болып сайлануымен және ЖОО-дағы қызметінің үш жылдығымен құттықтады.

Ұжым атынан «Берел» баспасының директоры С.А. Ісләмова құттықтау хат оқып, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподағы комитетінің төрайымы Н.Қ. Аяғанова құттықтау сөз сөйледі.

– Үш жылда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ЖОО-ны брендтеп, оны республикаға және басқа да елдерге танымал етті, профессор, философия докторы PhD, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті, «Nur Otan» партиясынан Өскемен қаласы мәслихатының депутаты атанып, университеттің дамуында ғана емес, кәсіби және саяси мансабында да жетістікке жетті, – деген И.В.Ровнякова ректордың алдағы үш жылда жоғары оқу орнын дамыту үшін жаңа міндеттерді шешетінін айтты. 

Университеттің кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.Қ. Аяғанованың айтуынша, ректордың арқасында жоғары оқу орны ұлттық рейтингтерде алдан көрініп келеді, үш жыл ішінде университет оқытушылары мен қызметкерлерінің жалақысы өсті.

Өз кезегінде, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген ұжымға құттықтаулары үшін алғысын білдірді.

– Ұжымның әлеуеті зор. Біздің алдымызда көптеген мәселелерді шешу міндеті тұр, – деп атап өтті ол. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo