Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ «Жаңа ұлт болмысын қалыптастырудағы Абайдың әділетті қоғам құру идеясы» республикалық вебинарын өткізді

22 қазан күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Жаңа ұлт болмысын қалыптастырудағы Абайдың әділетті қоғам құру идеясы» республикалық вебинарын өткізді.

Вебинарға Нидерландиядан және елімізден ғалымдар мен зерттеушілер, саясаттанушылар, білім және мәдениет саласының өкілдері, мектеп мұғалімдері, журналистер, магистранттар мен студенттер қатысты.

Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде абайтанушылармен басқосуында: «Абай – мемлекет ісінің мүдделесі, бірлігі жарасқан жұрт болу идеясының жақтаушысы. Ол өз шығармалары арқылы ел еңсесін тіктеуге зор үлес қосты. Ұлы ақын ұлтты ұйыстырып, әділетті  қоғам құруға үндейді. Біз ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Түйткілді мәселені мемлекет пен қоғам өкілдерінің бірлесе талқылауы – өркениетті қоғамның белгісі» деген болатын.

Вебинарда осы мәселелер қозғалды. Алғашқы сөзді С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген бастап, жаңарған жаңа ұлт болмысын қалыптастыру үшін халқымызға Абайдан асқан ақылшы, рухани азық жоқ екенін, әсіресе еліміздің қазіргі жауапты кезеңінде, жауапты міндеттер айқындалуы жолында ұлы ақын мұрасына сүйеніп әрекет жасасақ, ұлы мақсатқа жететініміз анық екенін атап көрсетті.

Келесі сөзді нидерландиялық «Еуразиялық перспектива» компаниясының президенті, профессор Зифа Әуезова және белгілі ақын, жазушы, Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин Абайдың 175 жылдығына арналған лебіздерін білдірді.

Вебинарда белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы «Абай философиясындағы «Толық адамның» бүгінгі қоғамдағы маңызы», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет «Абай шығармаларындағы ұлттық қасиеттердің көрінісі», Л. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сайлаубай «Абай және қазақ социумы: тарихи сабақтастық аспектілері», жазушы, ғалым, «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының авторы Бориса Щербаков «Абай шығармашылығы – Қазақстан халқының жаңа сапасын қалыптастырудың кілті», С. Аманжолов атындағы ШҚУ «философия»  мамандығының докторанты Елена Савчук «Абай қарасөздеріндегі «әділеттілік» концепциясы», Ұлттық кеңес мүшесі, саясаттанушы Ерлан Саиров «Абай және қазіргі заман: үйлесімділік диалектикасы», С. Аманжолов атындағы ШҚУ «SANALY URPAQ» фронт-офисінің жетекшісі, доцент Гүлмира Байыркенова «Абай мұрасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Вебинарды «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Қартаева мен «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанна Әубәкірова жүргізді.

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Қазақ
× You found a Typo