Қазанның 15-інде С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Жастар ісі жөніндегі комитеттің жыл басындағы жиналысы өтті.
Жиналысты Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Марлен Әбубәкір құттықтау сөзімен бастады.
Онлайн кездесуге оқу орнындағы ұйымдар мен клубтардың жетекшілері, Жастар ісі жөніндегі комитеттің факультеттердегі төрағалары, Студенттер үйі кеңесінің төрайымдары қатысты.
Жиында әр жетекші өз ойын білдіріп, белсенді боламыз деп жиналған студенттерді өз қатарларына қосқандары жайында сөз қозғады. Алдағы оқу жылына арналған тапсырмалар берілді.
Әр ай сайын университет көлемінде онлайн іс-шара өткізілетін болып келісілді.
Жастар ісі жөніндегі комитет