Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ жазушы Медеу Сәрсекенің 85 жылдығына арналған кітап көрмесін ұсынады

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы өз оқырмандарының назарына қазақ әдебиетіндегі ғылыми-фантастикалық жанрдың көш басында болып, оның өрістеуіне зор үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсекенің туғанына 85 жыл толуына арналған «Тұғыры биік тұлға» атты көрме ұсынады.

Медеу Сәрсеке – иісі қазаққа мәшһүр есім. Бүгінгі қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалы, аға буын өкілі. Сөздің құнын көздің нұрындай қастерлеген қазақ үшін Медеу Сәрсекенің тұғыры биік. Қазақ әдебиетіне тыңнан түрен салып, өткен ғасырдың сонау елуінші жылдарының соңында шығармашылыққа соны леп әкелген жазушы бұл күнде заманының сөз зергері, абыз қарияға айналды.

Қазаққа керек үш тұлға – Қаныш Сәтбаев, Ебіней Бөкетов, Ермұхан Бекмахановтай қазақтың маңдайына біткен нар тұлғалардың өмір жолын зерттей келе, оларды ел тарихына қайтаруға жарты ғасырлық ғұмырын арнаған жазушы.

Көрме ғылыми абонементте (№1 оқу ғимараты, 103 дәрісхана) орналасқан.

Раушан Төлеуханова,

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo