Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ЖІК төрағасы студенттік активпен онлайн-кездесу өткізді

ШҚУ ЖІК төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша студенттік активпен және ЖІК төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді. 

Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Марлен Әбубәкір С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың студенттік активімен және ЖІК төрағаларымен "Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбы бойынша онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты – ШҚУ-да жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып жатқан іс-шаралармен таныстыру, жастар бойындағы адалдық, парасаттылық қасиеттерді дамыту, студенттердің азаматтық-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, студенттердің түрлі жанрда өз-өздерін танытуларына жағдай жасау.

Кездесуде комитет төрағасы жастардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасы, парасаттылық қандай болуы керектігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан бірқатар жұмыстарды атап өтті, «Таза сессия» акциясын, «Таза қол» мүсінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, студенттерден сауалнама алынды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo