Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ және А.Х. Халиков атындағы Археология институты (РФ) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының (Ресей Федерациясы) А.Х.Халиков атындағы Археология институты ынтымақтастық туралы бесжылдық келісім жасасты.

Әріптестікті дамыту жоспарында білім алушылармен, оқытушылармен, қызметкерлермен алмасу, оқу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми кездесулер, симпозиумдар ұйымдастыру, халықаралық жобаларға бірлесіп қатысу қамтылған.

Құжатта оқытушылардың, қызметкерлердің, ЖОО білім алушыларының есептерін, мақалаларын, ғылыми жұмыстарын жариялау, ғылыми ақпаратпен, жарияланымдармен, біліммен және материалдармен алмасу, зерттеу орталықтары мен зертханаларға қолжетімділікті ұйымдастыру көзделген.  Бұдан басқа, PhD докторанттарын, тараптардың аспиранттарын және серіктестік қатынастардың басқа да формаларын басқару үшін жетекші ғалымдарды тарту көзделеді.

Ынтымақтастық туралы келісімнің әрекет мерзімі – 5 жыл.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo