Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Ынтымақтастық туралы шартты «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ мен «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ жасасты.

Білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтегі ынтымақтастық, жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында тараптар бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеу жөнінде келісімге келді.

Ынтымақтастық бағыттарының арасында ғылыми орталықтар, институттар, зертханалар базасында бірлескен жобалар шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, қосдипломды білім беруді және кәсіптік білім берудің бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, жоғары білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бар.

Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен зерттеулерді ұйымдастыру, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ пәнаралық зерттеулер саласында қолданбалы және іздестіру ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындау көзделеді. 

Келісім, сонымен қатар, идеялармен, ақпаратпен және технологиялармен алмасу үшін жағдай жасауды қамтиды. 

Шарт мерзімі 5 жылды құрайды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo