Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ және Сумы мемлекеттік университеті (Украина) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Сумы мемлекеттік университеті (Украина, Сумы қ.) және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 5 жылға ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Келісімге сәйкес мынадай бағыттарда бірлескен міндеттерді іске асыру үшін тараптардың ынтымақтастығын ұйымдастыру жоспарлануд – білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен алмасу, бірлескен оқу білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми симпозиумдар өткізу, жалпы халықаралық жобаларға қатысу.

Бұдан басқа, тараптардың мерзімді басылымдарында ғылыми жұмыстарды жариялау, жоғары оқу орындарының PhD докторанттарын басқару үшін жетекші ғалымдарды тарту және білім беру мен ғылыми ынтымақтастықтың басқа да нысандары болжанып отыр.

Келісім 5 жыл бойы қолданылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo