С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті және Таулы Алтай мемлекеттік университеті (Ресей) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Тараптар білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен алмасуда ұзақмерзімді, өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға, бірлескен оқу білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, ғылыми симпозиумдарды, кездесулерді ұйымдастыруға, халықаралық жобаларға қатысуға, тараптардың PhD докторанттарын, аспиранттарын басқару үшін жетекші ғалымдарды тартуға міндеттенеді.
Бұдан басқа, зерттеу жүргізу үшін зерттеу орталықтары мен зертханаларға қол жеткізу, сондай-ақ тараптардың мерзімді басылымдарында білім, ғылыми ақпарат, жарияланымдар, материалдар алмасу, ғылыми жұмыстарды басып шығару көзделеді.
Келісім мерзімі – 5 жыл.
Баспасөз қызметі