Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері Назарбаев Университеті ұйымдастырған «Жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестік қарым-қатынас» атты тәжірибе алмасуға арналған Мансаптық орталықтардың форумына қатысты.
Форумның мақсаты – тәжірибе алмасып, серіктестік сұрақтары мен жұмыс нарығындағы трендтерді талқылауға мансап саласындағы мамандарды, жоғары оқу орындары мен компаниялар өкілдерін біріктіру.
Форумда келесі сессиялар өтті – «Әлемдік және жергілікті трендтер», «Жұмыс берушілердің тәжірибесі мен даму болжамы», «Жоғары оқу орындарының тәжірибесі», «Болашақ дағдыларының даму бағыттары», «НУ тәжірибесімен бөлісу», «Universum 2020 дарындыларды зерттеу».
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы