Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан білім басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен өңірдің бас педагогы лауазымына Сайрангүл Жұмаділова тағайындалды. Бұған дейін облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарды.

Сайрангүл Ахметкәрімқызы 1971 жылы тамыздың 11-нде Семей облысы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «География және биология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз қаласы қазақ лицейінің география пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Кейін екі жыл бойы осы лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылы облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы, одан кейін басшысы міндетін атқарды. 2015 жылдан бастап облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ШҚО спортта дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдан бастап ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары, ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап аталған басқарма басшысының міндетін атқарды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo