21 қаңтарда Педагогика, психология және мәдениет факультетінің кафедра меңгерушілері Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры Фархад Сақанұлы Құрмановпен кездесті.
Кездесу барысында білім беру қызметі саласындағы мамандарды даярлауға қатысты мәселелер, атап айтқанда колледжінің базасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ білім алушыларының педагогикалық практикасын ұйымдастыру талқыланды.
Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында факультет пен колледждің бірлескен іс-шаралары келісілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының филиалын құру туралы шешім қабылданды.
Педагогика, психология және мәдениет факультеті