Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан облысында Covid-19 ауруының шарықтау шегі әлі өткен жоқ

11 мамырда коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енгізген төтенше жағдай режимі тоқтатылды.

ТЖ режимін енгізу және одан әрі оның ұзартылуы туралы дер кезінде қабылданған шешімнің, тиісті карантиндік шектеулерді жүргізудің арқасында өлім-жітім қаупі бар вирустың таралу жылдамдығын төмендетуге және адамдардың жаппай жұқтыруын азайтуға мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде біздің азаматтардың көпшілігінің өмірі мен денсаулығын сақтауға, медициналық қызметкерлер мен емдеу ұйымдарына жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Бірмезгілдік жұқтыру және науқастардың емдеу мекемелеріне жаппай түсуі кезінде жүктеме өте ауыр болар еді, ал емдеудің сапасы мен нәтижесі аса ауыр болар еді.

Соңғы күндері коронавирустық инфекцияның (КВИ) таралуындағы оң үрдістерге (өсу қарқынының төмендеуі (7% жуық), 11.05.2020 ж. сырқаттанғандармен (117 адам) салыстырғанда сауығушылар санының (133 адам) өсуі байқалды) және ТЖ режимінің аяқталуына қарамастан елдегі карантиндік шектеулер сақталуға тиіс, өйткені кейбір өңірлерде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жұқтыру қаупі сақталады, Covid-19 вирусын жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталуда.

Тек соңғы күндері ғана Семей қаласында 21 КВИ жағдайы зертханалық расталды, оның ішінде 6 бала, олардың біреуі 1 жаста ғана. Біздің облыста аурушаңдықтың шыңы әлі өткен жоқ, Covid-19 пандемиясы әлі де халықтың денсаулығына қауіп төндіреді (ресми деректер – tengrinews.kz, yk-news.kz). Осыған байланысты, мемлекет басшысының әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай карантиндік шектеулерді біртіндеп алып тастау туралы шешімі бүгінгі күні Covid-19 пандемиясына қарсы күрестегі ең дұрыс және тиімді бағыт болып табылады.

Эпидемиялық процестің үш негізгі буыны бар (инфекция көзі, жұқтыру механизмі және сезімтал халық), олардың кез келгенінің болмауы немесе үзілуі кез келген инфекцияның, оның ішінде коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының тоқтауына алып келеді.

Біздің елімізде осы өлімге ұшырайтын қауіпті вируспен күресте жүргізілетін барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар негізінен эпидемиялық процестің алғашқы екі буынына бағытталған: инфекция көзін жоюға (1 буын): клиникалық-диагностикалық, оқшаулау, емдік және режимдік-шектеу (карантин) және инфекцияның жұқтыру жолдарының үзілуіне (2 буын): санитарлық-гигиеналық және дезинфекциялық. 3 буынға әсер ететін негізгі іс-шара ағзаның сезімталдығын арттыруға бағытталған арнайы алдын алу болып табылады, яғни вакцинация, бірақ бүгінгі күні вакцина жоқ.

Сондықтан иммунитетті арттыру үшін спецификалық емес алдын алуға назар аудару қажет, яғни салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін ұстану (дұрыс тамақтану, толыққанды ұйқы, демалу және т.б.). Жақын арада вакцинаның болмайтынын ескере отырып  КВИ одан әрі таралуының алдын алу үшін эпидемиялық процестің алғашқы екі буынының үзілуін жалғастыру қажет.

Біздің елімізде үлкен жұмыс жүргізілді, уақытылы ұйымдастыру және қаржылық шаралар қабылданды, адам ресурстары барынша жұмылдырылған, бірінші орынға біздің азаматтардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқаты қойылды.

Президент басшылығымен Үкіметтің дер кезінде қабылданған шешімдердің, нақты және дәйекті іс-қимылдарының арқасында бүгінгі күні оған қарсы күресу үшін вакцина және  ерекше емдеу жолы жоқ өлімге әкеп соғатын қауіпті вирустың таралу жылдамдығын төмендетуге қол жеткізілді. Бірақ жаңа үлгідегі коронавирусты жұқтыру қаупі сақталады, Covid-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ, пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін.

Сондықтан эпидемиялық процестің алғашқы екі буынының үзілуіне бағытталған барлық әзірленген шектеу және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды режимнен кейінгі кезеңде де қатан сақтау қажет (жұқтырғандар мен науқастарды оқшаулау, өзін-өзі оқшаулау, адамдардың жаппай жиналатын орындарына баруды шектеу; әлеуметтік қашықтықты сақтау; жасанды кезек жасамау, алдын ала жазу ережесін сақтау; масканы міндетті түрде кию, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде; жеке гигиенаның қарапайым ережелерін қатан сақтау, жұмыс орындарын дезинфекциялау және т.б.).

Біз әрқайсымыз өз денсаулығы мен жақындарымыздың денсаулығына жауапты болуымыз керек.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Айгүл Әділбекова,

медицина ғылымдарының кандидаты,

алғашқы әскери дайындық кафедрасының доценті

 

Қазақ
× You found a Typo