Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан студенттері танымал әнші туралы «Ақторғын» фильмін түсірді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ түлегі Әлішер Мишелев режиссер ретінде нақты фактілерге негізделген Қазақ КСР-інің алғашқы вокалдық-аспаптық ансамбль әншісі туралы «Ақторғын» көркем-деректі фильмін түсірді.

Гүлжібек Аязбаева кезінде "Айгүл" ансамблімен бірге танымал болған. Әйелдер ансамблі өз уақытында нағыз жаңалық болды.

Қазақ КСР-інің алғашқы әйелдер вокалдық-аспаптық ансамблі біздің елімізде тұңғыш рет осы бағытта жол салып, бізде ғана емес, сондай-ақ шет елдерде де танымал болды. Әншілер Жапонияға гастрольге барып, Лев Лещенкомен бірге өнер көрсетті. Әйелдер ансамблін құру идеясы Марат Балтабаевқа сол кездегі танымал кинохит –"Джазда тек қыздар" фильмін көргеннен кейін келген.

Ансамбль құрамында Зайсан қаласының тумасы Гүлжібек Аязбаева болды.

Мүмкін, "Айгүлдің" барлық қатысушыларынан дәл оған ең қиын жол түскен шығар.

Гүлжібек туралы шынайы оқиғаларға негізделген фильм түсірілді.

Фильм "Ақторғын" деп аталады.

- "A.M. Projects" компаниясы әр түрлі жанрдағы фильмдерді түсіруде үлкен тәжірибеге ие, бірақ дәл осы фильм нақты оқиғаларға негізделген алғашқы фильм болды. Бұл біз үшін үлкен сынақ болды. Алайда, біз барынша тырыстық, өйткені бұл фильм қиын тағдыр туралы. Бұл ойдан шығарылған оқиға емес, – деді фильм режиссері Әлішер Мишелев.

Фильмнің теледидар нұсқасын хабардың ресми арнасынан көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=QPFRF8HZLFQ

Сонымен қатар, A.M. Projects тобы "Aktorgyn: Limited Edition" альбомын шығарды.

A.M. Projects жұмысымен толығырақ сіз олардың ресми арнасынан таныса аласыз - www.youtube.com/c/AMProjects.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo