Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан университетінде «Абайтану» ҒЗИ ашылуы болып өтті

2 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Білім күніне арналған «Әліппе – білім бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мереке барысында «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының, цифрлық педагогика зертханасының және «Әліппеден басталған, Даналықтың данасы» кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Іс-шара ШҚО әкімдігінің, Қазақстан Республикасы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, ШҚО білім басқармасының, ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қолдауымен өтті.

Ел Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың жаңа Жолдауында қазақстандық қоғамда жаңа қағидаттар мен жаңа құндылықтарды дәріптеу, ең алдымен ХХІ ғасыр ұрпағын терең ағарту қажеттігі аталып өтілген.

Абайдың 175 жылдығына орай университетте «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты ашылып отыр.

– Университеттің абайтанушы ғалымдары көптеген жылдар бойы Абай шығармаларын зерттеп, абайтану бойынша көптеген әдістемелік әдебиеттер шығаруда. Бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының ашылуы болды, – дейді ҒЗИ директоры, филология ғылымдарының докторы, абайтану бойынша көптеген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының авторы Айжан Қартаева.

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының ашылуында лентаны салтанатты түрде ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат пен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ПББҒХА академигі, ХАА академигі Н.А. Завалко қиды.

Бүгінде мерейтой әлемнің көптеген елдерінде және оқу орындарында, соның ішінде Свече қаласының лингвистикалық-техникалық университетіндегі (Польша) «Абай» мәдени-білім беру орталығында да аталып өтілуде. Орталық Жастар жылында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен ашылған.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo