Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан университетінде BOLASHAQ BOOKS пайда болды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасының оқу залына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде жарық көрген кітаптардың қоғамдық шкафы орнатылды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында оқуды насихаттау» азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасымен бірлесіп, сіздерді қоғамдық кітап шкафы орналасқан студенттік оқу залына шақырады.

Тартымды дизайнмен жасалған қоғамдық шкаф сөрелері түрлі жанрдағы әдебиетпен толтырылған.

Сонымен қатар, бұл жерде QR-коды бар виртуалды кітаптар сөресіндегі «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан кітаптармен де таныса аласыздар. Бұл кітаптар смартфондар мен планшеттердің иелеріне ғаламтор арқылы қолжетімді. Арнайы бағдарламаны жүктегеннен кейін камераны қызығушылық танытқан кітаптың QR-кодына апару керек, сол кезде кітап бірден ашылады.

Bolashaq Books әлеуметтік жобасының мақсаты – жастарды оқуға тарту, сондай-ақ азаматтардың білім деңгейін арттыру.

Акцияға қатысуға шақырамыз! Жақсы кітаптар оқыңыздар! Келіңіздер, көріңіздер, кітаптармен алмасыңыздар!

Оқу залының мекенжайы: №1 оқу ғимараты,  303-дәрісхана.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo