Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан университетінде цифрлық педагогика зертханасы ашылды

2 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Білім күніне арналған «Әліппе – білім бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара ШҚО әкімдігінің, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, ШҚО білім басқармасының, ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қолдауымен өтті.

Ел Президенті К-Ж.К. Тоқаевтың жаңа Жолдауында цифрландырудың сән үрдісінің жалғасы емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы екендігі аталып өтілген.

Жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекеде цифрлық педагогиканың жаңа зертханасының ашылуы символдық мәнге ие.

-Бүгінде адамзат жаһандық ақпараттық-цифрлық қоғамды құруға байланысты өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне қадам басып отыр және осы уақыт талабы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қамтылған. Біз бағдарламаларды іске асыру IT-құзыреттіліктерге ие кәсіби кадрларды қажет ететінін түсінеміз. Жаңа технологиялар дәстүрлі оқыту жүйесін де, білім беру ортасын да өзгертуде. Педагогикада жақында «digital pedagogy» («сандық педагогика») термині пайда болды және бұл ұғым «онлайн оқыту» деген сөз тіркесімен синоним емес. Цифрлық педагогика – бұл әртүрлі цифрлық технологияларды (компьютерлер, гаджеттер, бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.) қамтитын және осының нәтижесінде білім беру қызметтерінің неғұрлым жоғары сапасын қамтамасыз ететін педагогикалық процесс. IT-технологияларды дамыту саласы біздің оқу орнымыздың даму тұжырымдамасында да басым болып табылады. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде осы бағытқа көп көңіл бөлінеді, заманауи цифрлық жабдықтармен жарақталған жаңа зертханалар мен оқу аудиториялары ашылуда. Мұның бәрі біздің студенттерге жақсы білім алуға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Ал бүгін университетте жаңа үлгідегі білім беру технологиялары бойынша кадрлар даярлауға мүмкіндік беретін тағы бір құрылым – цифрлық педагогика зертханасы ашылып отыр, – деп мәлімдеді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры, профессор Мұхтар Төлеген.

Зертхананы құрудағы мақсат – қазіргі заманғы IT-құзыреттіліктерге ие заманауи білім беру жүйесі үшін педагогикалық кадрларды даярлау; қазіргі заманғы АКТ құралдарын (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) тиімді қолдану жағдайында заманауи оқу процесін педагогикалық жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу; оқытудың қосымша нысандарын іске асырудың және мектеп пен колледж педагогтарына білім беру қызметтерін көрсетудің тиімді тетігін қамтамасыз ету.

Цифрлық педагогика зертханасында оқыту цифрлық білім беру ресурстары, білім берудегі қашықтықтан оқыту технологиялары, онлайн-оқыту, цифрлық білім беру ортасы, компьютерлік технологиялар және т.б. бағыттар бойынша жүргізілетін болады.

– Біз мектептердің әріптестеріне және мектеп түлектеріне, мысалы, ҰБТ-ға дайындықты, ал педагогтарға – жұмысқа арналған электрондық ресурстар мен жаңа IT-платформаларды, сондай-ақ ресурстардың әдістемелік жиынтығын ұсынамыз: ҚР БҒМ әдістемелік ұсынымдарын ескере отырып дайындалған бейнедәрістер, бейнеконсультациялар. Қазіргі уақытта университет мамандары түрлі тақырыптар бойынша көптеген бейнематериалдарды, жекелеген оқу пәндері бойынша мұғалімдерге арналған Сандық педагогика зертханасының басқа мүмкіндіктерінің бірі – университеттің электронды кітапханасының әдебиеттерін жеке сайтпен және электронды ресурстармен – электронды кітаптармен, аудио жазбалармен және мультимедиялық оқулықтардың платформаларымен пайдалану. әртүрлі вебинарларды онлайн режимде жүктеп отыр, – дейді педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Наталья Радченко.

– «Дайын ҰБТ» тренажері талапкерге сапалы құрастырылған тест сұрақтарынан өтуге, облыста өз деңгейін, таңдаған пәндерін білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тренажер келесі өту кезінде тест сұрақтарын қиындата алады, – дейді маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаннель Болатова.

Сандық педагогика зертханасының басқа мүмкіндіктерінің бірі – университеттің электронды кітапханасының әдебиеттерін жеке сайтпен және электронды ресурстармен – электронды кітаптармен, аудио жазбалармен және мультимедиялық оқулықтардың платформаларымен пайдалану. Оқулықтың қажетті бөлігін бір минутта табуға болады, ал студенттерге күніне 24 сағат, әлемнің кез келген жерінде электронды кітап арқылы білімге қол жеткізуге болады.
Қазіргі уақытта Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, елде «цифрлық білім беру» бағдарламасын ауқымды іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырып отыр.
Оқу орнының ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, Шығыс Қазақстан университеті үй шаруасындағы әйелдерден бастап жоғары оқу орындарының оқытушыларына дейінгі азаматтардың барлық санаттары үшін курстық дайындықтарды жүргізе отырып, болашаққа есік ашып, алға қадам басуда.

 

 

Қазақ
× You found a Typo