Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан университетінде «Әліппелер» мен «Букварьлардың» кітап көрмесі ашылды

2 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Білім күніне орай «Әліппе – білім бастауы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара ШҚО әкімдігінің, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, ШҚО білім басқармасының, ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қолдауымен өтті.

Іс-шара аясында жоғары оқу орнының ғалымы Федор Григорьевич Голованов жинаған сирек кездесетін бірегей «Букварьлардың» «Әліппеден басталған, Даналықтың данасы» атты кітап көрмесі, сондай-ақ университеттің ақпараттық мүмкіндіктерінің, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша түскен кітаптардың да көрмесі өтті.

Тұсаукесерде университеттің ғылыми кітапханасы белгілі ғалым-лингвист Ф.Г. Головановтың 63 букварьдан тұратын раритетті коллекциясын көрсетті, олардың ішінде  20-шы ғасырдың басында ТМД халықтарының 30 тілінде шыққан букварьлар да бар.

Бүгінгі таңда Кеңес Одағының мектептеріне шарикті қаламның таралуы Өскеменнен басталғанын көпшілік біле бермейді, шарикті қаламдарға арналған жазу үлгісін Өскемен педагогикалық институтының (С. Аманжолов атындағы ШҚУ) ғалымы Федор Голованов жасаған болатын. Ғалым тіл білімінде елеулі із қалдырды, ол тарихқа «Голованов жазбаларының» авторы ретінде енді, шетел және КСРО халықтарының 110 букварін зерттеп, әр әріптің қаріп эволюциясын қадағалап, ол өзін нұсқасын ұсынды.

– Барлық әліппелер өткен ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдары басылып шыққан және бүгінде библиографиялық сирек құндылық болып табылады, ал 1917 жылы Мәскеудегі И.Д. Сытиннің баспаханасынан шыққан ағайынды А. мен В. Сатаровтардың әліппесі раритет болып саналады, – дейді ғылыми кітапхананың директоры Перизат Нұралиева.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп бағдарламасынан шығарылған «Әліппе» және «Букварь» қайтадан ел оқушыларының алғашқы оқулығына айналмақ. Білім министрі Асхат Аймағамбетовтәң айтуынша, жаңа «Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесіне негізделетін болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo