Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан университетінде онлайн біліктілікті арттыру онлайн курстары өтті

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурс орталығының ұйымдастырумен 20-29 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы үшін «Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың теориясы мен практикасы» атты онлайн біліктілікті арттыру курстары өтті.

Коронавирус пандемиясы еліміздің және бүкіл әлемнің жоғары оқу орындарының оқытудың жаңа форматына шұғыл түрде  көшуге және оған сай инновациялық білім беру құралдарынан ізденуге жұмылдырды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі барлық деңгейдегі білім беруді жаңа режимге бейімдеудің көп векторлы саясатын жүргізуде. Қашықтықтан және онлайн режимде оқытуды ұйымдастыру мен сүйемелдеудің басты құжаттары әзірленді. Оның маңызды бағыттарының бірі – оқытушылардың біліктілігін арттыру, вебинарлар, онлайн тағылымдамалар өткізу.

Біздің оқу орны да ҚР БҒМ қойған міндеттерді шешуге және уақыт талабына жауап беруді мақсат тұтады. Соның бір көрінісі ретінде жазғы демалыс кезінде университеттің барлық оқытушылар құрамы Coursera алаңындағы «Онлайн курстарды құру тәжірибесі мен теориясы» бағдарламасы бойынша оқудан өткенін және  «ЖОО оқытушысының IT – сауаттылығы» атты университетішілік біліктілікті арттыру курстарының ұйымдастырылғанын атап өтуге болады. Бұл бағыттағы жұмыс «Қашықтықтан оқыту технологиясы жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың теориясы мен практикасы» атты онлайн біліктілікті арттыру курстарымен жалғасты. Бұл курстың мақсаты – қашықтықтан білім беру теориясы мен әдістемесі бойынша оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Онлайн курсқа университет оқытушыларымен қатар  Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ, ҚАЕУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Ползунов атындағы АлтМУ-дегі әріптестеріміз тыңдады.

Курс аясында қашықтықтан оқыту технологиясы жағдайында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау әдістемесі, оқыту үдерісінің нейроәдістемелері, бейне сабақтарды әзірлеу және құру, онлайн бейне дәрістер үшін Google-meet алаңын  қолдану, Adobe Premiera Pro, Camtasia Studio 8 бағдарламаларын пайдалану, STEPIK.ORG платформасында онлайн оқыту курсын жасау және басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.

Онлайн курстың жұмысына педагогикалық білім беру және менеджмент, психология және коррекциялық педагогика, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедраларының жетекші оқытушылары, ақпараттық технологиялар және цифрландыру орталығы мен ақпараттық технологиялар бөлімінің  мамандары тартылды.

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурс орталығы

Қазақ
× You found a Typo