Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан университетіне – 68 жыл

Бүгін, 17 қыркүйекте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне 68 жыл толып отыр.

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, докторанттар, ардагерлер! Сіздерді университетіміздің туған күнімен құттықтаймын!

Университет тарихы 1952 жылғы 5 шілдеден басталды. Қырық жыл ішінде институт республикадағы ғана емес, КСРО-дағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болды. 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты «Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» болып қайта құрылды және Қазақстандағы үшінші университет, егеменді мемлекеттің құрдасы атанды. 2003 жылы жоғары оқу орнына ғалым, лингвист-түрколог Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді. Университет Еуразиялық университеттер қауымдастығының белсенді мүшесі болып табылады. 2009 жылы университет Болон келісімінің принциптерін жүзеге асыру үшін Университеттердің Ұлы Хартиясының айналасында біріккен 600 әлемдік университет көшбасшыларының қатарына қосылды.

Әр жыл университетте өткен оқиғалармен ерекшеленеді. Бүгінде университет білім алушыларының жалпы контингенті 8 мыңнан астам адамды құрайды, ЖОО-да аудиториялары, кабинеттері, ғылыми орталықтары мен зертханалары бар, заманауи жабдықтармен жабдықталған 8 оқу ғимараты, 4 студенттер үйі (жатақхана) бар кампус, «Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығы, А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталық, бассейн, кітапханалар, спорт залдары, демалыс аймағы бар. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бүгінде «Сібе» демалыс және жазғы тәжірибе базасы, Д.Г. Панкратьев – Г.А. Вистениус атындағы «Панкратьев бағы» жұмыс істейді.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті дәйекті, жүйелі, сабақтастық қағидаттарына сай ғылымды дамытумен және жоғары оқу орнын реформалаумен айналысады және әрбір ректор осыған елеулі үлес қосты.

Өскемен педагогикалық институтының аты аңызға айналған 30 жылдық басшылық өтілі бар ректоры Уәлиев Жұмаш Кәрімұлы қысқа мерзімде бас оқу корпусының іске қосылуына, төрт студенттік жатақхана, профессор-оқытушылар құрамы үшін көппәтерлі тұрғын үй, асхана, медпункт, жүзу бассейні және т.б. салынуына қол жеткізді. Ол мұғалім кадрларын сапалы дайындауға көп көңіл бөлді, профессор-оқытушылар құрамы тұрақтанды және өсті, ғылыми бағыттар мен мектептер қарқынды дамыды, жаңа факультеттер мен кафедралар ашылды, елдегі ең мықты жас химик-ғалымдардың ғылыми мектебін құрды.

ӨПИ-дің материалдық базасын және жоғары білікті мамандар командасын құрған ректор Ж.К. Уәлиевтің қажырлы еңбегі мен аса көрнекті ұйымдастырушылық қасиеттері бірінші санаттағы жоғары оқу орындарының қатарына кіретін КСРО-да үш рет ауыспалы Қызыл Туды иеленген институттың, еліміздің үздік педагогикалық жоғары оқу орындарының ондығына кіретін университеттің қайта құрылуына негіз болды.

Қазақстанда және шетелде танымал Мәмбетказиев Ережеп Әлхайырұлы елімізде және жоғары оқу орнында алғаш рет бакалаврлар мен магистрлерді даярлауды бастады, ғылыми зерттеулерді дамытты, материалдық базаны нығайтты, ғылыми зертханалар ашты, техникалық мамандықтарды енгізді, университет бірнеше ірі ғимараттар алды, Сібе көлдерінде оқу-ғылыми-өндірістік кешен салынды, университеттің балансына «Панкратьев бағы» бақша шаруашылығы берілді. ШҚМУ Еуразиялық университеттер қауымдастығының және «Сібір ашық университеті» қауымдастығының мүшесі болды.

Ректор Әбжаппаров Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы ең жаңа білім беру технологиялары негізінде оқу процесін жаңғыртуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға баса назар аударды, зертханаларды жабдықтап, жас ғалымдарға гранттар белгіледі, жазғы тілдік практиканы өткізуді енгізді.

Мамыраев Бейбіт Баймағамбетұлының бастамасымен университеттің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы қабылданды, ядролық технологиялар және жаңартылатын энергетика технологиялары бойынша ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана ашылды. Ал 2009 жылы ШҚМУ Болон процесінің принциптерін жүзеге асыру үшін Университеттердің Ұлы Хартиясының айналасына біріккен 600 әлемдік университет көшбасшыларының қатарына қосылды.

Біздің аға әріптестеріміз бастаған істі өзге ұрпақ өкілдері абыроймен жалғастырып, еліміздің шығысындағы ең ірі, көне, көпсалалы университетті қалыптастыра отырып, бүгінде шын мәнінде біздің мемлекетімізге кәсіби, сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін өңірдің тірек жоғары оқу орындарының біріне айналды.

Мереке құтты болсын, Университет күні құтты болсын! Біздің ортақ үйіміздің игілігі үшін жаңа шығармашылық жеңістер, жаңалықтар, жетістіктер тілеймін!

М. Төлеген, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры

Қазақ
× You found a Typo