30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың №1 оқу корпусы жанында 250 шырша өсіп тұр.
Құрамына №1 оқу ғимараты, Жоғары колледж, №3, 4, 5 Студенттер үйлері, "Берел" баспасы, "PARASAT" студенттерге қызмет көрсету орталығы, А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталық енетін Студенттер қалашығы – Өскемендегі ең жасыл желекті аумақтардың бірі.
Жаңа жылдың негізгі атрибуттарының бірі – шыршалармен қатар, мұнда сондай-ақ қарағай, балқарағай, басқа да қылқан жапырақты ағаш түрлері, бұталар мен гүлдер өседі.
Шыршалар университеттің басқа ғимараттары жанында да өсіп тұр.
Баспасөз қызметі