Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстан жастары үшін электоралды «Level Up» өткізілді

4-5 қарашада Семей және Өскемен қалаларында Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы, мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Level UP» жастардың электоралды байқауы өткізілді.

Сайлау процесінің шеберлері депутаттыққа жас кандидаттармен, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларымен және әлеуметтік белсенді жастармен сайлау процесінің ашықтығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

«Біз бүгін талқылайтын басты тақырып – сайлау. Соңғы уақытта сайлаудың негізгі қатысушылары жастар болып отыр. Біздің міндетіміз – сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету. Дәл осы мәселелерді біз бүгін талқыладық», – деді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комитетінің басшысы Ерсайын Нәбиев.

«Sembell» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры, ШҚО «Қазақстан фермерлері қауымдастығының» төрағасы Серік Байғалиев қызықты презентация жасады. Серік Байғалиев жастардың сайлау процесіне қатысу қажеттілігі туралы айтты. Бизнесмен қазіргі уақытта «Ауыл» партиясының мүшесі болып табылатынын атап өтті, ол 2021 жылғы 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.

«ЛНП» компаниялар тобының негізін қалаушы Талғат Құрманғалиевтің айтуынша, «жастардың саясатқа деген қарым-қатынасын ол өзін мемлекетте болып жатқан барлық үдерістердің нақты қатысушысы және субъектісі ретінде сезінгенде ғана өзгертуге болады. Сайлау барлығына қатысты. Дәл осы сайлауда ұрпақтардың бүгіні мен болашағы шешіледі. Сайлау біркүндік іс-шара емес екенін түсіну керек. Сайлау – қоғамдағы басқарушылық қатынастарды реттеу жөніндегі күнделікті жұмыстың нәтижесі». Талғат Құрманғалиевтің пікірінше, «Қазақстан жастары сайлау науқанын ұйымдастырумен және өткізумен байланысты қоғамдық маңызы бар қызметтің лайықты қатысушысы болуға дайын».

«Ақ жол» ҚДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бүркіт Сұлтанов мазмұнды сөз сөйлеп, Қазақстан Парламентінің төменгі палатасына алдағы сайлаудың тарихи маңыздылығын, сондай-ақ жергілікті өкілді органдарды атап өтті.

Кездесу модераторы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің доценті, «Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры» ҚҚ басшысы Қуат Рахымбердин болды.

Жастармен жұмыстың жаңа түрі «Level UP» қатысушыларына өте ұнады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo